Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік21-бөлім · 95-тарау

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы есептеледі. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің шетел валютасындағы құны салық төлеу күнінің алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген ресми валюта бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі. Шетелдік компания жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде есептелген қосылған құн салығын бюджетке әрбір тоқсан үшін, тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

2

Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы төлемді жүзеге асырған күн жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасы және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсету бойынша айналым жасалған күн болып табылады.

3

Қосылған құн салығының төленген сомалары осы бапқа сәйкес қайтарылуға жатпайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.