Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік22-бөлім · 95-тарау

848-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

Бап мәтіні

1

Осы Кодекс:

1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 189-бапты;

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 92-бапты, 90-тарауды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2

Мыналар:

1) 320-баптың 2-тармағының 4) және 10) тармақшалары, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағының 19) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

2) 286-баптың 15) тармақшасы, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы, 474-баптың 40) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

3) 17-бап, 238-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы және 2-тармағының 16) тармақшасы, 254-баптың 3-тармағы, 255-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары, 286-баптың 17) тармақшасы, 323-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) және 13) тармақшалары, 338-баптың 4) тармақшасы, 343-бап, 348-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацы және 18) тармақшасы, 368-баптың 2) тармақшасы, 429-баптың 3) тармақшасы, 454-баптың 3-тармағының

3) тармақшасы, 474-баптың 33), 34) және 48) тармақшалары, 479-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы, 556-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы, 592-баптың 3-тармағының

10) тармақшасы, 82-тарау, 681-баптың 11) тармақшасы, 682-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

4) 238-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы, 320-баптың 3, 4 және 5-тармақтары, 323-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі, 668-баптың 32) тармақшасы 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

5) 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 9) тармақшалары және үшінші бөлігі 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

3

Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:

1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 68-баптың 1-1-тармағын және 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 26-баптың 23-тармағын қоспағанда, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі);

2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.