Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік16-бөлім · 77-тарау

718-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен талаптарын сақтау кезінде қолдануға құқылы.

2

Осы Кодекстің мақсаттары үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

2) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.