558-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
Бап мәтіні
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы:
1) осы Кодекстің 556-бабының 2-тармағына сәйкес объектіден алып тастау сомасына азайтылған осы Кодекстің 556-бабының 1-тармағында көзделген салық салу объектісіне; немесе
2) осы тармақта көзделген жағдайларда осы Кодекстің 556-бабының 3-тармағында көзделген салық салу объектісіне осы Кодекстің 557-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолымен айқындалады.
Дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 556-бабының 4-тармағында көзделген салық салу объектісіне мынадай:
1) осы Кодекстің 557-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер осы Кодекстің 557-бабының 4-тармағында белгіленген;
2) өзге де дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар осы Кодекстің 557-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.