Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік9-бөлім · 56-тарау

556-бап. Салық салу объектісі

Бап мәтіні

1

Мыналардың:

1) жұмыскердің осы Кодекстің 426-бабында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 23), 25), 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;

2) осы Кодекстің 226-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары әлеуметтік салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады. Осы тармақтың ережелері жеке практикамен айналысатын адамдар және (немесе) дара кәсіпкерлер болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілерге қолданылмайды.

2

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық салу объектісі объектіден мынадай ерекшеліктерге азайтылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;

2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар;

3) мыналарды: осы Кодекстің 429-бабының 2) тармақшасында белгіленген кірістерді;

3) тармақшаның үшінші абзацы 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің кірістері бөлігінде осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 429-бабында белгіленген кірістер;

4) осы Кодекстің 681-бабының 12) тармақшасында белгіленген кірістер.

3

Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Осы тармақтың ережелері осындай жұмыскерді жалдау және (немесе) жұмыстан шығару жүргізілген күнтізбелік ай үшін есептелген жұмыскердің кірістеріне қолданылмайды.

4

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын адамдар және (немесе) дара кәсіпкерлер болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер үшін мыналар: әлеуметтік салық төлеушінің өзі; әлеуметтік салық төлеуші жұмыскерлерінің саны салық салу объектілері болып табылады. Мыналар:

1) әлеуметтік салық төлеушілер осы Кодекстің 117-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды уақытша тоқтата тұрған кезеңде олардың өздері;

2) салықтық кезеңде кіріс алмаған әлеуметтік салық төлеушілердің өздері;

3) салықтық кезең үшін кіріс есептелмеген әлеуметтік салық төлеушінің жұмыскерлері салық салу объектісі болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.