Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік11-бөлім · 62-тарау

570-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Салық салу мақсатында бүкіл жер нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.

2

Жердің сол немесе өзге санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

1) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi;

2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер.

3

Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi;

2) орман қорының жерi;

3) су қорының жерi;

4) босалқы жер;

5) ядролық қауіпсіздік аймағының жері. Көрсетілген жерлер (босалқы жерді және ядролық қауіпсіздік аймағын қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 580-бабында айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады.

4

Жер салығы:

1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.