Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік17-бөлім · 82-тарау

738-бап. "Астана Хаб" қатысушыларына салық салу

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 17-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін "Астана Хаб" қатысушылары мынадай салықтық преференцияларды қолданады:

1) осы тараудың 1-параграфында белгіленген тәртіппен, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

2) осы Кодекстің 474-бабының 33) тармақшасына сәйкес "Астана Хаб" қатысушылары өндіретін және өткізетін тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату;

3) осы Кодекстің 474-бабының 34) тармақшасына сәйкес "Астана Хаб" қатысушылары өткізетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату;

4) осы Кодекстің 479-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әкелінген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату;

5) "Астана Хаб" қатысушысы-жұмыскерлердің кірістерін осы Кодекстің 556-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әлеуметтік салық салу объектісінен алып тастау.

2

"Астана Хаб" қатысушыларында есептеу, ұстау және төлеу міндеттемелері туындайтын, бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерінен корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және ұстау ерекшеліктері осы Кодекстің 15-бөлімінде көзделген.

3

Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын "Астана Хаб" қатысушысы сатып алған, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер осы Кодекстің 454-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.

4

Жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеу кезінде "Астана Хаб" қатысушылары болып табылатын жұмыскерлердің кірістеріне осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасына сәйкес азайту қолданылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.