201-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері
Бап мәтіні
Қазақстан Республикасында мынадай:
1) салықтар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құн салығы; акциз; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық; көлік құралы салығы; жер салығы; мүлік салығы; ойын бизнесі салығы;
2) бюджетке төленетін төлемдер: мемлекеттік баж; алымдар; мыналар: жер учаскелерін пайдаланғаны; табиғи ресурстарды пайдаланғаны; сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны; қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені; радиожиілік спектрін пайдаланғаны; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені; цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.
Қосылған құн салығы, акциздер халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн жанама салықтар деп танылады.
Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.