555-бап. Төлеушілер
Бап мәтіні
Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салық төлеушiлер мыналар болып табылады:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
5) қызметін тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
Мынадай салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:
1) арнаулы салық режимін: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; оңайлатылған декларация негізінде; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар;
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары.
Резидент-заңды тұлға өз шешімімен: осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу; осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде орындайтын өзінің құрылымдық бөлімшесін әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы. Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімін қабылдау немесе оның күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
МКК: сұрақ — жауап
Оңайлатылған декларациядағы ЖК мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әлеуметтік салық төлей ме?
Жоқ. Арнаулы салық режимдеріндегі тұлғалар — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдердегілер — әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды. (555-бап)
Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.