Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 27-тарау

289-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:

1) хеджирлеу мақсатында;

2) базалық активті беру мақсаттарында;

3) өзге де мақсатта пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.

2

Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 290, 291-баптарына және 342-бабына сәйкес кіріс немесе залал айқындалады.

3

Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда, туынды қаржы құралының салықтық есепке алынуы осы Кодекстің 292 және 293-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4

Туынды қаржы құралдары бойынша кіріс хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсатта пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер бойынша түзіледі және ол мынадай тәртіппен айқындалады: хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсатта пайдаланылатын, осы Кодекстің 290 және 291-баптарына сәйкес айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша кірістердің жалпы сомасы алу хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салықтық кезеңдегі залалдардың жалпы сомасы алу туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған залалдар.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.