Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік15-бөлім · 75-тарау

698-бап. Халықаралық шартты қолдану талаптары мен тәртібі

Бап мәтіні

1

Тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт (бұдан әрі – халықаралық шарт) осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады. Егер резидент халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесі үшін пайдаланса, осы баптың ережелері халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осы резидентіне қолданылмайды.

2

Халықаралық шарттың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Егер халықаралық шартқа салық базасының бұлыңғырлануына және салық салудан пайданы шығаруға қарсы іс-қимыл мақсатында салық келісімдеріне қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты халықаралық шартпен (бұдан әрі – көпжақты халықаралық шарт) өзгерістер енгізілсе, осындай халықаралық шарт енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, қолданылады.

3

Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірістерінен есептелген табыс салығының сомасын бейрезиденттің кірісінен ұстап қалмай өз қаражаты есебінен төлеген кезде халықаралық шарттың ережелері қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.