Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік21-бөлім · 95-тарау

826-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 102-бабының тәртібімен тіркелген шетелдік компания қосылған құн салығын төлеуші деп танылады. Осы тармақтың мақсатында осы Кодекстің 100 және 101-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлға шетелдік компанияға жатпайды.

2

Қосылған құн салығын төлеуші жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын, егер мынадай шарттардың бірі орындалса: Қазақстан Республикасы сатып алушы жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылса; Қазақстан Республикасының аумағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін сатып алушы жеке тұлға пайдаланатын банктік шот ашылған банктің немесе сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының тұрған жері болып табылса; көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелсе; көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе, осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді.

3

Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеушінің шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.

4

Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:

1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтарылуға жатпайтын, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;

2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 509-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.