Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік20-бөлім · 94-тарау

825-бап. Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай төлем шеңберіндегі құзыреті

Бап мәтіні

1

Бірыңғай төлем шеңберінде мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жүргізеді;

2) бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жаңартып отырады;

3) бірыңғай төлемнің сомасын МӘСҚ-қа, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және салық агентінің тұрған жері бойынша тиісті бюджетке бөледі және аударады;

4) бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Ұлттық Банкпен, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.

2

Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.