Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік20-бөлім · 94-тарау

822-бап. Бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі және ондағы төлем көзінен салық салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығының үлесі

Бап мәтіні

1

Салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесі: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8 пайызды; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8 пайызды; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3 пайызды құрайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған жұмыскерлер үшін, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды мемлекет төлейтін жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) тиісті үлесіне төмендетіледі.

2

Бірыңғай төлем төлеушінің жеке табыс салығының бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі үлесі: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,3 пайызды; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,0 пайызды; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 6,9 пайызды құрайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.