Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 24-тарау

236-бап. Салық салынатын кіріс немесе залал

Бап мәтіні

1

Салық салынатын кіріс, залал мынадай формула бойынша айқындалады: ССК/Зал = ЖЖК – Аз +(–) Кт – Ш +(–) Шт, мұндағы: ССК – егер мән оң болса, салық салынатын кіріс; Зал – егер мән теріс болса, кәсіпкерлік қызметтен келетін залал; ЖЖК – осы бөлімге сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кіріс; Аз – осы Кодекстің 255-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірісті азайту; Кт – осы Кодекстің 256-бабына сәйкес кірісті түзету; Ш – осы бөлімге сәйкес айқындалатын шегерімдер; Шт – осы Кодекстің 288-бабына сәйкес шегерімдерді түзету.

2

Осы баптың 1-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған оң мән салық салынатын кіріс деп танылады.

3

Осы баптың 1-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған теріс мән кәсіпкерлік қызметтен келетін залал деп танылады. Салықтық кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтен келетін залалды одан әрі салықтық есепке алу тәртібі осы Кодекстің 339 және 344-баптарында белгіленген.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.