Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 35-тарау

339-бап. Кәсіпкерлік қызметтен болатын залал

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған теріс мән кәсіпкерлік қызметтен болған залал деп танылады. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтен болған залал қоса алынатын келесі он салықтық кезеңге қатарынан ауыстырылады және осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеледі. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есепті және есепті салықтық кезеңнің алдындағы екі салықтық кезеңде туындаған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар сомасына азаяды. Осы Кодекстің 235-бабында айқындалған салық салу объектілері есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдерде есепке алынған залалдар есепке алынбайды.

2

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы алған кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.