341-бап. Инвестициялық активтердің шығып қалуынан болған залал
Бап мәтіні
Инвестициялық активтердің шығып қалуынан болған залал деп активтердің мынадай түрлерінің шығып қалуынан болған залалдар танылады:
1) жер учаскелері;
2) бағалы қағаздар;
3) қатысу үлестері;
4) инвестициялық алтын.
Осы Кодекстің 254-бабының 4-тармағына сәйкес алынған салықтық кезең үшін жер учаскелерінің шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні жер учаскелерінің шығып қалуынан болған залал болып табылады.
Осы Кодекстің 251-бабының 1-тармағына сәйкес алынған салықтық кезең үшін қатысу үлестерінің шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні қатысу үлестерінің шығып қалуынан болған залал болып табылады.
Осы Кодекстің 252-бабының 3-тармағына сәйкес алынған салықтық кезең үшін бағалы қағаздардың шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні бағалы қағаздардың шығып қалуынан болған залал болып табылады.
Осы Кодекстің 254-бабының 4-тармағына сәйкес алынған салықтық кезең үшін инвестициялық алтынның шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні инвестициялық алтынның шығып қалуынан болған залал болып табылады.
Осы баптың 2 – 5-тармақтарында көрсетілген активтердің әрбір түрінің шығып қалуынан салықтық кезеңде туындаған залалдар сол салықтық кезеңде активтің сол түрі бойынша өсімнен түсетін кіріс есебінен өтеледі. Залал алған кезеңде өтелмеген, активтердің әрбір түрінің шығып қалуынан болған залал сомасы қоса алғанда кейінгі он салықтық кезеңге дәйекті түрде ауыстырылады және осы салықтық кезеңдер активінің сол түрі бойынша құн өсімінен түскен кірістер есебінен өтеледі.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.