Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 35-тарау

340-бап. Ұзақ мерзімді материалдық активтердің шығып қалуынан болған залал

Бап мәтіні

1

Мынадай залал түрлерінің жалпы сомасы ұзақ мерзімді материалдық активтердің шығып қалуынан болған залал деп танылады:

1) I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан болған залал;

2) аяқталмаған құрылыс объектілерінің шығып қалуынан болған залал;

3) белгіленбеген машиналар мен жабдықтардың шығып қалуынан болған залал;

4) тіркеп-белгіленген активтерге немесе запастарға жатпайтын, қызмет ету мерзімі бір жылдан астам активтердің шығып қалуынан болған залал.

2

Осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес алынған салықтық кезеңде I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің бүкіл шығып қалуынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.

3

Осы Кодекстің 254-бабының 4-тармағына сәйкес алынған салықтық кезеңдегі осындай объектілердің шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні аяқталмаған құрылыс объектілерінің шығып қалуынан болған залал болып табылады.

4

Осы Кодекстің 254-бабының 4-тармағына сәйкес алынған, салықтық кезеңдегі машиналар мен жабдықтардың шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні белгіленбеген осындай машиналар мен жабдықтардың шығып қалуынан болған залал болып табылады.

5

Осы Кодекстің 254-бабының 4-тармағына сәйкес алынған салықтық кезеңдегі тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуының барлық операцияларынан алынған нәтижелердің жалпы сомасының теріс мәні осындай активтерге немесе запастарға жатпайтын, қызмет ету мерзімі бір жылдан астам активтердің шығып қалуынан болған залал болып табылады.

6

Ұзақ мерзімді материалдық активтердің шығып қалуынан болған залал ол айқындалған салықтық кезеңде есепке алынбайды. Мұндай залал қоса алғанда кейінгі он салықтық кезеңге дәйекті түрде ауыстырылады және осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.