343-бап. "Астана Хаб" қатысушыларының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезіндегі зияткерлік меншік объектісі бойынша залал
Бап мәтіні
"Астана Хаб" қатысушыларының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезінде зияткерлік меншік объектісі бойынша залал осы Кодекстің 255-бабында көрсетілген жылдық жиынтық кірістің азайтуы ескеріле отырып, осы бөлімде көзделген шегерімдердің жылдық жиынтық кірістен асып кетуі ретінде айқындалады. Залал зияткерлік меншіктің әрбір объектісі бойынша айқындалады.
"Астана Хаб" қатысушылары қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде зияткерлік меншік объектісі бойынша залалдар талап қою мерзімі шегінде зияткерлік меншіктің әрбір объектісі бойынша келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдер үшін салық салынатын кіріс есебінен өтеледі.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.