Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 51-тарау

502-бап. Қосылған құн салығын есептеу

Бап мәтіні

1

Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі: салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы алу осы Кодекстің 488 және 489-баптарына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы алу осы Кодекстің 490-бабына сәйкес айқындалған есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы.

2

Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: осы Кодекстің 503-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 464 және 465-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту қосу осы Кодекстің 503-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген, осы Кодекстің 464 және 465-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту.

3

Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нәтижесі:

1) оң мәнге ие болса, мұндай нәтиже осы Кодексте айқындалған тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;

2) теріс мәнге ие болса, мұндай нәтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.

4

Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.