Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 51-тарау

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас

Бап мәтіні

1

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салықтық кезеңнің соңында өсу қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салықтың асып кету сомасы) қосылған құн салығы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салық) бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады. Салықтың асып кету сомасы импортталатын тауарлар бойынша және (немесе) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық төлеу есебіне есепке жатқызылмайды.

2

Мыналар:

1) осы Кодекстің 10-тарауының 1-параграфына сәйкес бюджетке артық төленген салық;

2) осы Кодекстің 10-тарауының 2-параграфына сәйкес салықтың асып кету сомасы;

3) осы Кодекстің 10-тарауының 3-параграфына сәйкес өзге де негіздер бойынша салық бюджеттен қайтаруға жатады.

3

Салық төлеушінің тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша: осы Кодекстің 496-бабының 2-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару күніне; осы Кодекстің 439-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптасқан салықтың асып кету сомасы есептен шығаруға жатады. Салық төлеушінің жеке шотынан салықтың асып кетуін есептен шығару уәкілетті орган айқындаған жеке шотты жүргізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.