Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 43-тарау

439-бап. Төлем көзінен жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасын айқындау

Бап мәтіні

1

Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: жұмыскердің салықтық кезеңге есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.

2

Жеке тұлғаның салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: жеке тұлғаның салық агентіне салықтық кезең үшін есепке жазылған төлем көзінен салық салуға жататын, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістер сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімдерінің сомасы алу осы Кодекстің 404-бабында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдердің сомасы алу осы Кодекстің 437-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен базалық шегерім сомасы.

3

Зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: салық салуға жататын зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 431-бабында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы.

4

Жеке тұлғаның сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: жеке тұлғаның сақтандыру шарттары бойынша салықтық кезең үшін есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 435-бабында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 404-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдер сомасы.

5

Осы баптың 1 – 4-тармақтарында көрсетілмеген, сыйақылар, дивидендтер, ұтыстар, білім алуға байланысты стипендиялар, төлемдер, оқуға өтемақылар және төлем көзінен салық салуға жататын басқа да кірістер түріндегі жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: салықтық кезең үшін есепке жазылған, осы баптың 1 – 4-тармақтарында көрсетілмеген сыйақылар, дивидендтер, ұтыстар, стипендиялар және төлем көзінен салық салуға жататын басқа да кірістер түріндегі жеке тұлға кірістерінің сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 404-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдер сомасы.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.