Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 40-тарау

404-бап. Әлеуметтік салықтық шегерімдер

Бап мәтіні

1

Әлеуметтік салықтық шегерімдер:

1) осы тармақшаны қолдану күніне адамның бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшері;

2) осы тармақшаны қолдану күніне адамның: үшінші топтағы мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар бала; Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам және (немесе) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері;

3) осы тармақшаны қолдану күніне адамның: он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; өмір бойына әрбір "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі; жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана үшін – осындай адамдардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері. Осы тармақшаның ережелері: қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.

2

Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.