394-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі жөніндегі жалпы ережелер
Бап мәтіні
Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
1) жекеше нотариустың кірісі;
2) жеке сот орындаушысының кірісі;
3) адвокаттың кірісі;
4) кәсіпқой медиатордың кірісі.
Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған кірістердің барлық түрлері, сондай-ақ шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі сияқты кепіл ретінде жеке практикамен айналысатын адамның қызметтер көрсеткені үшін алған ақша сомасы көрсетілген қызметтер актісінде немесе қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжатта көрсетілген кепіл ақшадан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күнінен бастап кіріс деп танылады.
Мыналар:
1) көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде көрсетілген қызметтер көрсету күні;
2) көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, қызметтерді көрсету фактісін растайтын басқа құжатта көрсетілген қызметтер көрсету күні жеке практикамен айналысатын адамның кірісін тану күні болып табылады.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісінің сомасына осы Кодекстің 363-бабының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындылары бойынша бір айда алынған кірістер бойынша есептеледі.
Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төленуге тиіс.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.