403-бап. Базалық салықтық шегерім
Бап мәтіні
Базалық салықтық шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылатын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды. Күнтізбелік жыл үшін базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
МКК: сұрақ — жауап
2026 жылдан бастап жеке тұлғаларда қандай салықтық шегерімдер бар?
Базалық шегерім — әр күнтізбелік ай үшін 30 АЕК (жылдың 1 қаңтарындағы). Одан бөлек әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім және әлеуметтік шегерімдер бар (401-бап). (403-бап)
Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.