447-бап. Төлеушілер
Бап мәтіні
Мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
1) салық төлеушілер базасында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;
2) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 99 – 101-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Осы Кодекстің 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша шартты түрде тіркеу есебіне қою жүргізілген шетелдік компаниялар осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес қосылған құн салығын есептейді және төлейді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.