Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 44-тарау

450-бап. Салық салынбайтын айналым

Бап мәтіні

Мыналар салық салынбайтын айналым болып табылады:

1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;

2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 459-бабына сәйкес айқындалады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 515-бабына сәйкес айқындалады;

3) осы Кодекстің 474-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым;

4) ойын бизнесі саласындағы қызмет бойынша айналымдар;

5) салық салудың арнаулы салықтық режимі қолданылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар;

6) лотерея қызметі бойынша айналымдар.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.