Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік16-бөлім · 78-тарау

722-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, осы режимді қолданатын салық төлеушілер үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті есептеу, төлеу және ұсыну жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық агентінің осы Кодекстің 43-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықты есептеу, ұстап қалу және оны аудару жөніндегі міндеттемесін орындайды.

3

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.

4

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер:

1) әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды;

2) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды (импортталатын тауарларға қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда).

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.