Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік16-бөлім · 78-тарауМысал барМКК жауабы

726-бап. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу

Тәжірибедегі мысал

Жартыжылдыққа қанша салық төлеу керек

Оңайлатылған декларациядағы ЖК-ның жартыжылдықтағы табысы — 7 600 000 ₸. Мөлшерлеме — 4%: 7 600 000 × 4% = 304 000 ₸ жеке табыс салығы. Өңірдің мәслихаты мөлшерлемені 50%-дан аспайтын шамада, яғни 2%-дан 6%-ға дейінгі шекте өзгерте алады: 2% болғанда салық 152 000 ₸, 6% болғанда 456 000 ₸ болады. Мәслихаттың шешімі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

Шартты сандармен берілген Buhpracticum оқу мысалы. Мөлшерлемелер мен мерзімдер — бап мәтіні бойынша; есептеу алдында қолданыстағы АЕК пен өңіріңіздегі мәслихат шешімдерін тексеріңіз.

Бап мәтіні

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы өзі дербес жүргізеді. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің тұрған жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады. Мөлшерлеме мөлшерін төмендету немесе арттыру туралы осындай шешімді жергілікті өкілді орган ол қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші әртүрлі мөлшерлемелерді қолданған жағдайда осындай мөлшерлемелер бойынша салық салынатын кірістер бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге тиіс.

МКК: сұрақ — жауап

Оңайлатылған декларацияда және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда салық мөлшерлемесі қандай?

Оңайлатылған декларацияда — 4% (мәслихат мөлшерлемені 50%-дан аспайтын шамада төмендете немесе арттыра алады). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда ЖТС мөлшерлемесі — 0%, тек әлеуметтік төлемдер қалады (720-бап). (726-бап)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.