Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік16-бөлім · 78-тарауМКК жауабы

723-бап. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары

Бап мәтіні

1

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары (осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда) қолдануға құқылы. Шекті кіріс мөлшерін айқындау мақсаттары үшін: осы Кодекстің 724-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінің мөлшері ескеріледі; қызметті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдана отырып жүзеге асырудан түсетін кірістер ескерілмейді.

2

Мыналар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес:

1) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

2) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

3) құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;

4) арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер);

5) коммерциялық емес ұйымдар;

6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, "Астана Хаб" қатысушылары;

7) бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер.

3

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.

МКК: сұрақ — жауап

2026 жылы оңайлатылған декларацияны кім қолдана алады?

Күнтізбелік жылдағы табысы 600 000 АЕК-тен аспайтын, қызмет түрі Үкімет бекіткен тыйым салынған тізбеге кірмейтін ЖК мен заңды тұлғалар — ҚР резиденттері. Режимді, атап айтқанда, басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар қолдана алмайды. (723-бап)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.