Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік17-бөлім · 83-тарау

742-бап. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 756-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салықтарды есептеу ерекшеліктерін қолданады.

2

Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үшін корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде мынадай:

1) жылдық жиынтық кірісті тану;

2) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша, оның ішінде амортизациялық аударымдардың ұлғайтылған нормалары, шығыстарға шартты коэффициенттерді қолдану бойынша шегерімдердің мөлшерлерін айқындау;

3) тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу, оның ішінде келіп түскен және шығып қалған тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу тәртібі, тіркеп-белгіленген активтердің амортизация нормалары бойынша;

4) төлеушінің келісімшарттық қызмет шеңберінде мүлік салығын тану ерекшеліктері көзделген.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.