Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік17-бөлім · 83-тарау

743-бап. Құрлықтағы күрделі газ жобалары бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын әзірлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осындай келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге жататын сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

2

Келісімшарт бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.