Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік16-бөлім · 76-тарау

715-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың және осы бөлімнің ережелеріне сәйкес келген кезде салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің бірін таңдауға құқылы: № Арнаулы салық режимдерінің түрлері Субъектілер Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш) Мөлшерлеме, кіріс %-ы Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы А 1 2 3 4 5 1 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар бір айда 300 жеке табыс салығы – 0 әлеуметтік төлемдер – 4* арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі 2 Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары бір жылда 600 000 4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер* арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі 3 Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шаруа немесе фермер қожалықтары - жеке табыс салығы – 0,5 Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде *Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

2

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:

1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.