Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік16-бөлім · 76-тарау

717-бап. Арнаулы мобильді қосымша

Бап мәтіні

1

Арнаулы мобильді қосымша – мынадай: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау тәртібін қолдану; оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді есептеуі, оларды төлеуі және декларацияны ұсынуы бойынша салықтық міндеттемелерді орындау; салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу (мұндай тіркеуден алып тастау); арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру мақсаттары үшін салықтық мобильді қосымша. Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін, арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұнын уәкілетті орган белгілейді.

2

Арнаулы мобильді қосымшада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы (алушы) арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат осы қосымшада қалыптастырылатын арнаулы мобильді қосымшаның чегі болып табылады.

3

Арнаулы мобильді қосымшаның чегін салық төлеуші қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйені (құрылғыны) пайдаланып есеп айырысу кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (алушыға), оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына береді.

4

Арнаулы мобильді қосымшада арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде кірістер тізілімі қалыптастырылады.

5

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер банк ұйымдарының, интернет-платформа операторының мобильді қосымшасын пайдаланған кезде оларға арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы. Осы бапта интернет-платформа операторы деп Интернетте орналастырылған, электрондық форматта делдалдық қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған ақпараттық жүйелердің операторы түсініледі.

6

Уәкілеттік берілген банк ұйымдарының, интернет-платформалар операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган Ұлттық Банкпен келісу бойынша айқындайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.