Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 43-тарау

446-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру тәртібі

Бап мәтіні

1

Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайда, салық агенті жеке тұлғаның талабы бойынша жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беруге міндетті.

2

Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада:

1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің;

2) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің азаю;

3) мынадай: міндетті зейнетақы жарналары; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар; базалық салықтық шегерім; әлеуметтік салықтық шегерімдер түрінде қолданылған салықтық шегерімдердің;

4) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;

5) есептелген жеке табыс салығының;

6) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.