Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 43-тарау

430-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын сыйақылар түріндегі кірісті азайту

Бап мәтіні

Төлем көзінен салық салуға жататын сыйақылар түріндегі кіріс мынадай кірістерге азаяды:

1) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген банктердегі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы өздерінің салымдары (депозиттері) бойынша төленетiн сыйақылар;

2) эмитенттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

3) бағалы қағаздар бойынша сыйақылар есепке жазылған күнге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай сыйақылар;

4) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.