Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 43-тарау

437-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер осы Кодекстің 401 – 404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.

2

Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.

3

Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы. Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен:

1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;

2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады. Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді.

4

Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы осы Кодексте белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі. Ол үшін жеке тұлға осы Кодекстің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.