Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 43-тарау

435-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын сақтандыру төлемдері түріндегі кірісті азайту

Бап мәтіні

Төлем көзінен салық салуға жататын сақтандыру төлемдері түріндегі кіріс мынадай кірістерге азаяды:

1) жинақтаушы емес сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру жағдайына байланысты, кез келген сақтандыру түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;

2) мыналардың: Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары және бір сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын бұзған кезде алынған және басқа сақтандыру ұйымына жіберілген сатып алу сомалары есебінен төленген; жеке тұлға өз пайдасына және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) пайдасына; жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына төлеген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері, сақтандыру сыйлықақылары;

3) Қазақстан Республикасының қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары, сондай-ақ зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары;

5) отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен қайтыс болған адамды жерлеуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төленетін біржолғы төлемдер.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.