441-бап. Жұмыскердің кірісінен жеке табыс салығын есептеу
Бап мәтіні
Жұмыскердің кірісінен төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салықтық кезең үшін салық агенті мынадай формула бойынша жүргізеді: осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолында көзделген сома шегінде күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы есептелетін салықтық кезеңді қоса алғанда, өсу қорытындысымен айқындалатын, осы Кодекстің 439-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентінен алынуға жататын жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы көбейту осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолына сәйкес салық мөлшерлемесі қосу осы Кодекстің 439-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентінен алынуға жататын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы есептелетін салықтық кезеңді қоса алғанда, өсу қорытындысымен айқындалатын жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолында көзделген сомадан асып кету сомасы көбейту осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 2-жолына сәйкес салық мөлшерлемесі алу күнтізбелік жылдың алдыңғы салықтық кезеңдер үшін салық агенті өсу қорытындысымен 1 қаңтардан бастап есептеген жеке табыс салығының сомасы.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.