Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 43-тарауМКК жауабы

445-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

Бап мәтіні

1

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агентінің тұрған жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей: салық агенттері; дара кәсіпкерлер және (немесе) жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдердің агенттері немесе оларды төлеушілер, оның ішінде өз пайдасына төлеушілер ұсынады.

2

Салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерді алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының әрбір резидент-жеке тұлғасы бойынша жеке табыс салығының сомаларын есептеу, ұстап қалу және аудару туралы деректерді:

1) күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жасалатын және күнтізбелік жылдың соңғы есепті кезеңі үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге ұсынылатын;

2) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған кезде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге толтырылатын және ұсынылатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша түрінде ұсынады.

3

Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері осы құрылымдық бөлімшенің тұрған жері бойынша салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.

МКК: сұрақ — жауап

Қызметкерлері бар оңайлатылған декларациядағы ЖК қандай есептер тапсырады?

910.00 оңайлатылған декларациясын — жартыжылдық үшін, одан кейінгі екінші айдың 15-іне дейін (727-бап). Қызметкерлердің табыстары бойынша салық агенті ретінде — ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларацияны есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-іне дейін (МКК жауабы бойынша — тоқсан сайын). (445-баптың 1-тармағы)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.