Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 39-тарауМысал барМКК жауабы

363-бап. Салық мөлшерлемелері

Тәжірибедегі мысал

Прогрессивті шкала бойынша ЖТС

Жеке тұлғаның жылдық салық салынатын табысы (шегерімдерден кейін) — 6 000 000 ₸, бұл 8 500 АЕК-тен аз, сондықтан мөлшерлеме 10%: салық 600 000 ₸. Егер салық салынатын табыс 8 500 АЕК-тен көп болса, 8 500 АЕК шегіндегі сомаға 10%, ал асқан бөлігіне 15% алынады: мысалы, 1 000 000 ₸ асып кетсе, салыққа 150 000 ₸ қосылады. Жеке практика үшін (нотариустар, адвокаттар және т.б.) мөлшерлеме 9%: 2 000 000 ₸ табыстан — 180 000 ₸.

Шартты сандармен берілген Buhpracticum оқу мысалы. Мөлшерлемелер мен мерзімдер — бап мәтіні бойынша; есептеу алдында қолданыстағы АЕК пен өңіріңіздегі мәслихат шешімдерін тексеріңіз.

Бап мәтіні

Жеке тұлғаның салық салынатын кірістері жеке табыс салығының мынадай мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:

1) осы баптың 2) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерден басқа кірістер – күнтізбелік жыл үшін мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша: № Салық салынатын кіріс сомасы Мөлшерлеме 1 айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда) 10 пайыз 2 айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен жоғары* салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз

2) жеке практикамен айналысатын адамның кірістері – 9 пайыз;

3) салық салынатын дивидендтер түріндегі кіріс күнтізбелік жыл үшін – мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша: № Салық салынатын кіріс сомасы Мөлшерлеме 1 айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда) 5 пайыз 2 айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшерінен жоғары* салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз

4) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің, шаруа немесе фермер қожалығының салық салынатын кірісі күнтізбелік жыл үшін – мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша: № Салық салынатын кіріс сомасы Мөлшерлеме 1 айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда) 10 пайыз 2 айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшерінен жоғары* салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз *осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Шаруа немесе фермер қожалықтары мыналар: өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу бойынша; өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша кірістерден түсетін, осы баптың 4) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.

МКК: сұрақ — жауап

Жаңа Салық кодексінде ЖТС мөлшерлемелері қандай?

Прогрессивті шкала: 8 500 АЕК-ке дейінгі жылдық табыстан 10% және асқан бөлігінен 15%. Дивидендтер — 230 000 АЕК-ке дейін 5%, одан асқан бөлігінен 15%. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптегі ЖК — 230 000 АЕК-ке дейін 10%, одан жоғары — 15%. Жеке практика — 9%. (363-бап)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.