Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 39-тарау

362-бап. Жеке табыс салығын салу жөніндегі ережелерді қолдану тәртібі

Бап мәтіні

1

Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы тарауда, осы Кодекстің 39, 40,

43-тарауларында және 694-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

2) бірыңғай төлем төлеу арқылы – осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2

Резидент-жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді және төлеуді, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осындай резидент-жеке тұлға:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы Кодекстің 39, 40 және

43-тарауларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

2) арнаулы салық режимінде – осы Кодекстің 16-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.