Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 40-тарау

373-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі

Бап мәтіні

1

Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші-жеке тұлғада үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге еңбек шартын жасасқан резидент-жеке тұлға осы Кодекстің мақсаттары үшін резидент-еңбекші көшіп келуші болып табылады.

2

Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі болып табылады, ол мынадай кірістерден тұрады:

1) еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсатты алуға (ұзартуға) өтініште резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшеріндегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасы;

2) еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсатты алуға (ұзартуға) өтініште еңбек шарты бойынша алуға жататын, еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін кірістің осы кезеңдегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасынан асып кету болған кезде осындай асып кету сомасы.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.