Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 40-тарау

371-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі жөніндегі жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде салықтық кезең ішінде:

1) төлем көзінен;

2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер түрінде алуға жататын (алынған) кірістерден тұрады.

2

Жеке тұлғаның жылдық кірісіне оның мынадай кірістерінің барлық түрлері кіреді:

1) үй жұмыскерінің кірісін қоса алғандағы, жұмыскердің кірісі;

2) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;

3) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;

4) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;

5) зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;

6) дивидендтер түріндегі кіріс;

7) сыйақылар түріндегі кіріс;

8) ұтыстар түріндегі кіріс;

9) стипендия түріндегі кіріс;

10) сақтандыру шарттары бойынша кіріс;

11) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;

12) мүліктік кіріс;

13) дара кәсіпкердің кірісі;

14) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;

15) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер;

16) басқа да кірістер;

17) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы.

3

Мынадай:

1) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осындай кірістер алған жағдайда – жеке тұлғаның дербес;

2) осы баптың 2-тармағының 12) – 14) тармақшаларында көрсетілген кірістерден басқа, салық агентінен осындай кірістер алған жағдайда – салық агентінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістерге салық салуына жатады.

4

Осы баптың ережелері осы Кодекстің 365-бабында көрсетілген, жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайтын экономикалық пайдаға қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.