Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 51-тарау

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері

Бап мәтіні

Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

3) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – осы Кодекстің 103-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы төленуге жатады. Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы ұсынылған салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін ұсынылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.