Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 51-тарау

505-бап. Салық декларациясы

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны әрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды. Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынады.

2

Қосылған құн салығын төлеуші: осы Кодекстің 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде; осы Кодекстің 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.