Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 50-тарау

496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу

Бап мәтіні

(сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері

1

Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде:

1) шот-фактураны бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып жазып береді;

2) шот-фактурада айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.

2

Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада алушыға (сатып алушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы (сатып алушы) ретінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі көрсетіледі;

2) шот-фактурада сатып алудың жалпы сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

3

Егер бірлескен қызмет шарты бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді немесе сатып алуды сенім білдірілген өкіл жүргізсе, сенім білдірілген өкілдің деректемелері шот-фактурада өнім берушінің сенім білдірілген өкілінің деректемелері немесе алушының сенім білдірілген өкілі үшін бөлініп берілген жолда көрсетіледі, ал бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың деректемелері және айналым сомасы немесе сатып алу сомасы осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.

4

Осы баптың ережелері осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператор тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.