Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 50-тарау

494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатынына не болып табылмайтынына қарамастан, экспедитор жүзеге асырады. Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді. Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде экспедитор жазып береді.

2

Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым:

1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;

2) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі. Шот-фактурада экспедитордың айналымына енгізілетін көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақы сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетіледі. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада: өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі; алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.

3

Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 205-бабына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жасайды.

4

Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.