Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 50-тарау

493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

2

Мынадай:

1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды өткізген;

2) коммуналдық қызметтерді көрсеткен;

3) байланыс қызметтерін көрсеткен;

4) теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсеткен;

5) көлік экспедициясы шарты бойынша, талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарт бойынша қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсеткен;

6) жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау бойынша қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді көрсеткен;

7) кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді көрсеткен;

8) қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын жүргізген;

9) осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген;

10) осы Кодекстің 460-бабының 2-тармағы бойынша айналым жасалған күн танылған;

11) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы алынатын қызметтерді көрсеткен;

12) Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсеткен;

13) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде төлем карточкаларымен және электрондық ақшамен операциялар бойынша қалыптасатын ақпаратты жинау, алмасу, өңдеу және тарату бойынша қызметтерді көрсеткен кезде шот-фактура айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша айналым жасалған күн тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жазып беріледі.

3

Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

4

Есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша жазып беріледі.

5

Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдары немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімі өткізілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. Салық төлеуші айналым жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны ол жасалған күннен бұрын жазып беруге құқылы.

6

Түзетілген шот-фактура осы Кодекстің 499-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезде жазып беріледі.

7

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен кейін және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры ұлғайту жағына қосымша шот-фактураны жазып беруді айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күннен кешіктірмей жүргізеді. Осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған кезде лизинг беруші қосымша шот-фактураны осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.

8

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 208-бабының 4 және 5-тармақтарына және 491-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес шот-фактураны жазып беруді талап етумен жүгінген кезде шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

9

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бейрезиденттен сатып алынған жағдайда, электрондық нысандағы шот-фактураны бейрезидент үшін осындай айналым бойынша қосылған құн салығын бюджетке төлегеннен кейін, бірақ мұндай төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, оның ішінде осы Кодекстің 122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы сатып алушы жазып береді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.