Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 50-тарау

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу

Бап мәтіні

1

Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып берілуін жарамсыз деп тану мақсатында жүргізіледі. Шот-фактураны кері қайтарып алуды шот-фактураны жазып берген салық төлеуші жүргізеді.

2

Электрондық нысанда жазып берілген, кері қайтарып алынған шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы:

1) егер осындай шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды растауға немесе келіспеген кезде қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура кері қайтарып алынған болып есептеледі;

2) егер шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – шот-фактураны кері қайтарып алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактураны кері қайтарып алуды тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы бұрын жазып берілген шот-фактураны қалпына келтіруді талап ете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.